БҰҰ көктем мерекесін БҰҰ-ның мерекесіне айналдыру туралы қарарды қабылдады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 25 желтоқсан

25 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Біріккен Ұлттар Ұйымының 78-інші Бас Ассамблеясы бірауыздан 22 желтоқсан күні көктем мерекесін (Қытай жаңа жылы) Біріккен Ұлттар Ұйымының өзгермелі мерекесі деп жариялау туралы қарарды қабылдады.

Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қытайдың Тұрақты өкілдігінің уақытша сенімді өкілі Дай Бинь БҰҰ Бас Ассамблеясының қарары қабылданғаннан кейін ол көптеген ел мен аймақ көктем мерекесін заңды мереке ретінде таниды және әлем халқының бестен бір бөлігі көктем мерекесін әртүрлі форматта атап өтіп келеді деп мәлімдеді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы қабылдаушы елдің маңызды ресми мерекелерінен басқа, бүкіл әлемде кеңінен атап өтілетін мерекелерді Біріккен Ұлттар Ұйымының мерекелері деп жариялау туралы қарарларын қабылдай алады және сол күні кездесулер мен іс-шараларды ұйымдастырмауға тырысады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы жыл сайын көктем мерекесі кезінде құттықтау сөз сөйлеп, Қытайға және көктем мерекесін (Қытай жаңа жылын) тойлайтын барлық елдің халықтарына мерекелік құттықтаулар мен тілектер айтады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото