Жер сілкінісінен зардап шеккен өңірдің түнгі аспанын жарықтандырған дрондар

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 25 желтоқсан

25 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Цзишишадағы 6,2 баллдық жер сілкінісінен кейін елдің түкпір-түкпірінен құтқару күштері жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмекке аттанды. Табиғи апаттың зардаптарын жою орнында бірқатар бөлімшенің құтқару күштері зардап шеккендерге шатырлар, жылыту құралдарын орнатуда және оларға ыстық тамақ дайындап жатыр. Апаттың зардаптарын жою жұмыстарын қамтамасыз ету үшін және зардап шеккен жандарды орналастыру жұмыстарының тиімді жүргізілуі үшін, көптеген дрон әуеге қалықтап «шырақ ұстап тұруы» керек болды.

«Сымға жалғанған дрон» - апаттық-құтқару жабдықтарының жаңа түрі. Дронның бұл түрі жердегі электр жабдықтарына кабель арқылы қосылып, әуеде ұзақ уақыт қалықтап тұрады және үлкен аумақтарды түнгі апаттық құтқару жарығымен қамтамасыз етеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото