Қар үстіндегі «Дауаз» ойыны

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 25 желтоқсан

25 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 19 желтоқсанда «Шыңжаңның төрт маусымы – қарға оранған Шыңжаң» тақырыбымен Шыңжаңда тілшілік сапарда жүрген ұжым Шыңжаң Жібек жолы Халықаралық тау шаңғысы курортына келіп, «биікті бағындырған» дауаз ұстазы Адыл Ошыр және оның екі шәкіртінің ойынын тамашалады. Олар 22 желтоқсан осы арада өтетін қар фестивалінің қойылымына дайындалып жатқан болатын.

«Дауаз» ұйғыр тілінен аударғанда «биікті бағындыру» дегенді білдіреді. Сондай-ақ ол Ұлттық материалдық емес мәдени мұра нысандарының бірі. Адыл Ошыр материалдық емес мәдени мұра жобасы бойынша ұйғыр дауазының алғашқы өкіл мұрагері.

Қойылым барысында жасы жиырманың маңайындағы екі шәкірт – биікке керілген арқанмен жүру, кері шегіну, жалғыз аяқпен тік тұру, көз байлап жүру, қосарлап жүру, арқан үстінде би билеу сияқты қойылымдарды орындады. Адыл шәкірттеріне демеу беріп отырды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото