Шыңжаң гүлдері алғаш рет Орталық Азияға экспортталады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 25 желтоқсан

25 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында гүлдерге толы тоңазытқыш тізбегі бар жүк көлігі Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионының Қашқар еркін сауда аймағынан шығып, сол күні Қырғызстанның Ош қаласына жетті.

Қашқар кеденінің мәліметі бойынша, Шыңжаңда өсірілген гүлдер алғаш рет Орталық Азияға жеткізілді. Жалпы салмағы шамамен 2,4 тонна болатын 60 000-нан астам раушан гүлі тасымалданды.

Гүлдердің сақтау мерзімі қысқа болғандықтан, тасымалдау процесі жоғары тиімділікті қажет етеді. Жергілікті кеден мұндай тауарлар үшін арнайы «жасыл» арнаны ашып, 24 сағат ішінде кедендік рәсімдеу қызметтерін ұсынды. Осылайша жаңа кесілген гүлдер клиенттерге кедендік декларациядан кейін 24 сағат ішінде жеткізілді.

Жауапты тұлға «Бір белдеу, бір жол» мүмкіндіктерін пайдалана отырып, компания биыл Қырғызстанда шетелдік қоймалар салып, Қазақстан мен Өзбекстан нарығын біртіндеп игере бастағанын айтты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото