Шыңжаңның Көрласының алмұрттары Орталық Азия елдеріне экспортталады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 26 желтоқсан

26 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 22 желтоқсанда 10 тонна Көрланың хош иісті алмұрты тиелген жүк көлігі Қорғас портындағы Қытай-Қазақстан ауыл шаруашылығы және ілеспе өнімдерінің жасыл арнасы арқылы өтіп, Қазақстанға бет алды. Алмұрт жемісі 7 сағаттан кейін Қазақстан тұрғындарының дастарханына жетеді.

Хош иісті Көрла алмұрты-Шыңжаңның Байынғолын аймағына тән ауылшаруашылық өнімі. Алмұрттың дәмі тәтті, шырыны мол, қабығы жұқа. Сонымен бірге жұмсақтығымен әрі хош иісімен танымал. Жеміс Америка Құрама Штаттары, Канада, Австралия және Жаңа Зеландия сияқты 20-дан астам елдер мен аймақтарда жоғары сұранысқа ие.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото