20 жастағы қазақ жігіті кәсіп ашуда көш бастады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 27 желтоқсан

27 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Іле қазақ автономиялық облысының Нарат көркем сахарасы қыс ортасында «ақ көрпеге» оранып жатыр.

Іле өзені аңғарының бойындағы бұл ежелгі жайылым ерекше қысқы көрінісімен туристер тобын өзіне тартады.

Жиырмадан енді асқан қазақ жігіті Ердана Жеңісәліұлы суықта тоңып қалмас үшін қалың киініп алды. Ол өзінің жан жолдасы жирен атқа жем беріп болған соң, қысқы туристерді күтіп алу үшін атын көркем кежіммен әрлеп ерттеді.

Ол Нарат сахарасында туып өскен, туған жерінің көркем келбеті мен жылқыға деген махаббаты оны биыл маусым айында мектеп бітірген соң туған ауылына қарай жетеледі.

Ердана Жеңісәліұлы тұратын Нарат жайлауының туристерге бағыттаған мініс ат ұжымы 20 қазақ жігітінен құралған. Әріптестері ұжым бастығы Ерсін Шоқынұлын «Чемпион командасының капитаны» деп атайды.

33 жастағы Ерсін Шоқынұлы Ұлттық шаңғы командасынан мансабын аяқтағаннан кейін анасына қарайлау үшін туған жеріне оралды. Ол спортшы кезінде Еуропаның көптеген елін аралаған, ал қазір туған жерінің сұлулығын әлемге таныстыруға үміттенеді. Биыл наурызда ол ауыл тұрғындарының кірісін арттыру үшін «Чемпион» атты мініс ат командасын құрды.

Мініс ат командасы малшылардан 200-ге жуық ат жинап, түрлі бағыттар бойынша туристік шаралар ұйымдастырды. Бұл арада туристер ат мініп қана қоймай, ат шанаға отыру, қарда жарысу сияқты шараларға да қатыса алады, сонымен қатар ат бапкерлері оларға қазақтың «қыз қуу», «көкпар» сияқты дәстүрлі ойындарын көрсетеді.

23 жастағы Ердана Жеңісәліұлы «Чемпион командасының» ең жас мүшесі. Оның міндеті - туристерді жайлауда атпен аралату, Нарат сахарасының көрінісін таныстыру және қазақ малшыларының өмір салтын түсіндіру.

Сонымен қатар ол мініс ат командасымен бірге Нарат сахарасының коммерциялық түсіріліміне арналған «үлкен тапсырысқа» қатысады. Ол журналистерге 2022-2023 қар маусымы кезінде Ат спорты командасында тағылымдамадан 20 000 юаньнан астам табыс тапқанын айтты. Биылғы туристік маусымда әр ат оған 30 000 юань табыс әкеліп отырған.

«Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарында мен жарыс жолдарын тексеретін шаңғышы болдым», - деді Ерсін 22 желтоқсандағы ат жарысы кезінде үстіндегі қазақы шапанының ішінен киген 2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиада ойындарына арналған киімдерін көрсетіп. Ол қазіргі уақытта көрініс аумағында 5 ат командасы бар екенін айтты. «Чемпион» командасы соңғы болып құрылғанымен, ол өз командасы ең үздік болса және туристерге ұнау жағынан чемпион болса деп үміттенеді.

Ерсіннің тағы бір тілегі бар: Туған жеріндегі жасөспірімдердің чемпион болуына ықпал ету. Ол шаңғы командасын құру үшін Нарат қалашығыынан жас шаңғы әуесқойларын таңдап, Күнес ауданының тиісті департаменттерінің қолдауымен балаларды жаттығулар мен жарыстарға апарды.

Осы қаңтарда Ерсін бастаған шағын команда Шыңжаңдағы алғашқы қысқы ойындардың аралас кедергілер жарысында, А тобындағы сноуборд сайысы бойынша алтын медаль жеңіп алды.

Ердана Жеңісәліұлы жаңа бір жылда туған жері Нараттың қар-мұз туризмінің бай ресурстарына және қазақтың бірегей мәдени артықшылықтарына сүйене отырып, туған жеріндегі малшы қауымының кірісі көбейсе және өзіндей жастар ауылына қайтып, кәсіп көзін ашса деп үміттенеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото