Жың-Алматы трансшекаралық электрондық коммерциясы экономикалық дамуға жаңа серпін береді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 27 желтоқсан

27 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 21 желтоқсанда Жыңның «Бір белдеу, бір жол» халықаралық құрлық портында Нинбо халықаралық логистикасы трансшекаралық электрондық коммерциясын іске қосу рәсімі өтті.

Қажетті тауарлар тиелген үш жүк көлігі халықаралық Жың «Бір белдеу, бір жол» құрлық портынан жолға шықты. Жың Кедендік бақылау қоймасында тиісті тексеруден өткен соң, тауар Алашанькоу порты арқылы Қазақстанның Алматы қаласына жөнелтіледі. Бұл Жың трансшекаралық электрондық коммерция индустриясының дамуындағы тағы бір серпілісті білдіреді.

Нинбо халықаралық логистиканы дамыту компаниясының операциялық менеджері Чжоу Юэмин: «Тауарлардың бұл партиясы Чжэцзяннан келген күнделікті тұтынатын құны шамамен 2 миллион юань тұратын бұйымдар. Тауарлар Жың ауданынан Қазақстанның Алматы қаласына шамамен үш күнде жетеді», - деп түсіндірді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото