Сэр сындыру - сахара серілерінің ойыны

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 2 қаңтар

2 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Сэр сындыру – Қытайдың солтүстігіндегі этникалық азшылықтардың ежелгі дәстүрлі ойыны. «Сэр» моңғол тілінен аударғанда «омыртқа» дегенді білдіреді. Сэр сындыру ойыны- сыртқы күштер мен құралдардың көмегінсіз жалаң қолмен малдың омыртқа сүйегін сындыру болып табылады. Сахара халқының ежелгі ерекше ойын-сауық іс-шарасының бұл түрі бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Малшылар тіпті қой мен сиырдың омыртқа сүйегінің қаттылығына қарай жайылымның сапасын бағалайды. Сонымен қатар ойыншылардың сэр сындыру шеберлігіне қарап мал шаруашылығындағы ептілігін бағалайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото