- Барлық ақпарат
БРИКС-ке қосылған 5 мемлекет: Мысыр, Иран, Сауд Арабиясы, БАӘ және Эфиопия
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 3 қаңтар
БРИКС-ке 2024 жылы бірден бес мемлекет қосылды. Олар Египет, Иран, БАӘ, Сауд Арабиясы және Эфиопия, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мәліметтерге сәйкес, Мысыр, Иран, Сауд Арабиясы, БАӘ және Эфиопия БРИКС-ке ресми түрде қосылды. 1 қаңтарда Ресей БРИКС төрағасы болды. 2024 жылдың қазанда БРИКС саммиті өтеді деп жоспарланған.
Бұған дейін қауымдастық құрамына бес мемлекет болған, олар: Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка.
БРИКС – мемлекетаралық бірлестік. Ұйым 2006 жылы маусымда Бразилия, Ресей, Үндістан және Қытай экономика министрлерінің қатысуымен өткен Санкт-Петербург экономикалық форумы аясында құрылды. БРИКС шеңберіндегі елдердің өзара әрекеттесуі 2006 жылдың қыркүйегінде басталды.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online