Шыңжаңның Алашанькоу (Алатау) қаласындағы шекара аттаған құтқару эстафетасы

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 4 қаңтар

4 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шыңжаңдағы Алашанькоу (Алатау) қаласының шекаралық тексеру пункті қытайлық жолаушының Қазақстанда автомобиль апатына ұшырағаны және емделу үшін шұғыл түрде жергілікті ауруханаға бару қажеттігі туралы хабарлама алды. Осылайша трансшекаралық құтқару эстафетасы басталды.

Алашанькоу шекара инспекциялық станциясы бірден жасыл канал ашып, тиісті бөлімшелер мен келісу арқылы шекарға 120 жедел жәрдем көлігін жіберді. Сөйтіп жаралыны шекарадан өткізіп, ауруханаға жеткізді.

Бейне көріністен: «Сіз еліңізге жеттіңіз, үйге оралдыңыз, алаңдамаңыз. Бәрі жақсы болады »,- деген жұбату сөздерді естіген желі қолданушылары бірауыздан ризашылығын білдіріп, «Қытай жылдамдығына» алғысын және сүйіспеншілігін жеткізді .

Мәліметтерге сәйкес, жаралыны емдеу одан әрі Үрімжіде жалғасады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото