Жаңа жыл демалысында Шыңжаң 1,6649 миллион турист қабылдады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 4 қаңтар

4 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші автономиялық регионның Мәдениет және туризм департаментінен алған мәліметіне сәйкес, үшінші тарап статистикалық компаниясының таңдамалы сауалнамасына орай, Шыңжаң жаңа жылдық демалыстың үш күнінде барлығы 1,6649 миллион турист қабылдады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 195,14%-ға артып, туризм кірісі 1,757 миллиард юаньды құрап, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 424,28%-ға өсті. Жаңа жылдық демалыс кезінде Шыңжаңда мәдениет пен туризмді тұтынудың артуы тең түсті. Тауарлар мен қызметтер ұсынысы молайып, қар-мұз туризмі аса танымал болды. Көптеген тау шаңғысы курорттарына келетін туристер саны айтарлықтай өсті.

Іле Қазақ автономиялық облысының аудандары мен қалалары қар-мұз туризм іс-шараларын өткізді. Байынғолын Моңғұл автономиялық облысы қысқы балық аулау шараларын өткізеді. Санжы Дүңген автономды облысының көптеген аймақтарында соғым мерекесін, қардағы бәйге сияқты салт-дәстүр түрлерін ұйымдастырды.

Ақсу аймағының әр ауданы мен қалаларында қарлы футбол жарысы, тауық соғыстыру және қошқар сүзістері сияқты фермерлер мен малшыларға арналған көңілді спорт ойындары бірінен соң бірі өткізілді. Алтай аймағы қар-мұзда ежелгі тері шаңғы тебу, бәйге және садақ ату сияқты жаппай халықтық іс-шаралар өткізді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото