Шыңжаңдағы Қорғас портында жаңа жылда жолаушылар ағыны алғашқы шыңына жетті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 4 қаңтар

4 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Былтырдың қараша айында «Қытай Халық Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім» күшіне енген сәттен бастап Шыңжаң Қорғас портынан өтетін жолаушылар ағыны күннен күнге көбейіп келеді. 3 қаңтарда бір күнде шекарадан 2000-нан астам адам кіріп-шығып, 2024 жылғы жолаушылар ағынының алғашқы шыңы тіркелді.

Қытай мен Қазақстан арасындағы өзара визадан босатудың қолайлы саясаты аясында екі елдің азаматтары арасындағы байланыс арта түсті. Қазіргі уақытта Қорғас халықаралық авто бекетінен Қазақстанға барлығы 4 халықаралық жолаушылар бағыты қызмет көрсетеді. Қорғас шекаралық кіру-шығу пунктінің деректеріне сәйкес, 2023 жылы Қорғас порты арқылы 730 000-нан астам адам кіріп-шықты, бұл 2019 жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 208,56%-ға артып, кіретін және шығатын адамдардың саны Шыңжаңдағы шекаралардың ішінде бірінші орынды иеледі.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото