Қытай экономикасындағы үш рекордтық деңгей

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 5 қаңтар

5 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай экономикасының үш маңызды көрсеткіші өткен жылы рекордтық деңгейге жетті.

Автокөлік өндірісі жаңа деңгейге жетіп, экспорт әлемінде бірінші орынға көтерілді

2023 жылы автомобильдердің жылдық өндірісі мен сатылымы шамамен 30 миллионға жетіп, рекордтық деңгей орнатты, ал экспорт 5 миллион автомобильден асып, Жапонияны басып озып, әлемде бірінші орынға шықты.

2021 жылы Қытайда автомобильдер өндірісі мен сатылымы тиісінше 26,082 миллион және 26,275 миллион автокөлікті құрады, ал экспортқа 2,015 миллион автомобиль жіберілген, бұл көрсеткіш Оңтүстік Кореяны басып озып, әлемде үшінші орынға шығуға мүмкіндік берген болатын.

2022 жылы Қытайда автомобильдер өндірісі мен сатылымы сәйкесінше 27,021 миллион және 26,864 миллион автокөлікті құрады, ал экспортқа 3,111 миллион автомобиль жіберілді, бұл көрсеткіш Германияны басып озып, әлемде екінші орынға шығуға жол ашқан.

Қытайдағы жаңартылатын энергия көздерінің белгіленген қуаты жылу энергиясының белгіленген қуатынан асып түсті

2023 жылы елдегі жаңартылатын көздерден электр энергиясын өндірудің белгіленген қуаты 1,45 миллиард киловаттқа жетті, бұл елдегі электр энергиясын өндірудің жалпы белгіленген қуатының 50%-дан астамын құрайды, сонымен бірге жылу энергетикасының белгіленген қуатынан асып түседі.

Бұрын Қытай көмір арқылы электр энергиясын өндіретін басты ел болған. Қазіргі уақытта жаңартылатын энергия көздерінің үлесі өсуде, жел мен күн энергиясының өндірісі жеделдеді.

Энергетика құрылымындағы терең өзгерістер бізге қазба отындарына тәуелділікті азайтуға және көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтуға көмектеседі.

Астық өндірісі рекордтық деңгейге жетті және «қатарынан жиырма жыл мол өнім» болды

2023 жылы Қытайдағы астық өндірісі тоғыз жыл қатарынан 650 миллиард келіден астамға тұрақтанып, рекордтық деңгейге жетті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото