Қытай шетелдіктердің елге кіру процедурасын жеңілдетеді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 12 қаңтар

(«Чина Дейли» Суреті)

12 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Ұлттық иммиграция әкімшілігінің мәліметі бойынша, ұлттық иммиграция әкімшілігі 11 қаңтардан бастап шетелдіктердің Қытайға кіруін жеңілдету үшін ресми түрде бес шара қолданды.

Біріншіден, Қытайға келетін шетелдіктердің порт визасына өтініш беру шарттарын жеңілдету.

Екіншіден, Бейжің әуежайы сияқты тоғыз хаб әуежайында 24 сағаттан аспайтын мерзімге транзитпен жүретін шетелдіктер шекаралық бақылау процедураларынан босатылады және виза қажет болмайды.

Үшіншіден, Қытайдағы шетелдіктер визаны ұзарту, ауыстыру және қайта рәсімдеу туралы өтінішті тұрғылықты жеріне жақын иммиграциялық әкімшілік органына бере алады.

Төртіншіден, Қытайға бірнеше рет кіріп-шығуды қажет ететін шетелдіктер қайта кіру визасына өтініш бере алады.

Бесіншіден, Қытайдағы шетелдіктер үшін визаға өтініш беруге арналған материалдар азайтылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото