Үрімжі халықаралық әуежайы елдегі ұшу-қону жолағы ең қарбалас әуежайға айналды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 12 қаңтар

12 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Үрімжі халықаралық әуежайының жалпы жолаушылар ағыны 25,08 миллионнан асты. 2019 жылмен салыстырғанда қалпына келтіру деңгейі 104,7 %-ға жетті.

Үрімжі халықаралық әуежайы елдегі 10 миллиондық деңгейдегі әуежайдың ішінде 17-нші орынға көтеріліп, соңғы жылдардағы ең жоғары рейтингке қол жеткізді. Сөйтіп Қытайдағы ұшу-қону жолағы ең қарбалас әуежайға айналды.

Үрімжі халықаралық әуежайы барлығы 230 тұрақты жолаушылар бағытына қызмет көрсетеді. Оның ішінде 20 халықаралық жолаушылар бағыты, 207 ішкі жолаушылар бағыты және 3 ішкі жүк бағыты бар. Маршруттық желінің құрылымын оңтайландыру және авиациялық нарықтың өркендеуі туризмді дамытуға маңызды қолдау көрсетті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото