2023 жылы Қытай 4,91 миллион автомобиль экспорттап, сәйкес кезеңмен салыстырғанда 57,9%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 12 қаңтар

12 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай автомобиль қауымдастығының ресми есебіне сәйкес, автомобиль экспорты 2023 жылы жаңа биіктерге жетіп, автомобиль өндірісі мен сатылымы өсуінің маңызды қозғаушы күші болады. 4,91 миллион автомобиль экспортталып, көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 57,9%-ға өсті. Ал автомобильдердің жалпы сатылымы өсуіндегі экспорттың үлесі 55.7%-ға жетті. Автомобильдің түрлері бойынша айтатын болсақ, 4,14 миллион жеңіл автомобиль экспортталып, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 63,7% өсті; 770 000 коммерциялық автомобиль экспортталып, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 32,2%-ға жоғарылады.

Желтоқсан айында 499 000 автомобиль экспортталып, сәйкес мезгілмен салыстырғада 54,3%-ға өсті. Автомобиль түрлері бойынша 422 000 бірлік көлеміндегі жеңіл автомобильдер экспортталып, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 53,3%-ға жоғарылады; 78 000 бірлік көлеміндегі коммерциялық автомобильдер экспортталып, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 59,9%-ға ұлғайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото