2023 жылы Қытайдың ЖІӨ-сі 126 трлн юаньнан асып, 5,2%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 17 қаңтар

17 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 17 қаңтарда Ұлттық статистика бюросы Қытайдың 2023 жылғы экономикалық деректерін жариялады. Алдын ала есептеулерге сәйкес, жылдық ЖІӨ тұрақты бағамен есептегенде 126,06 трлн юаньды құрды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,2%-ға өсті. Тоқсандық есептеуде ЖІӨ бірінші тоқсанда өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 4,5%-ға, екінші тоқсанда 6,3%-ға, үшінші тоқсанда 4,9%-ға және төртінші тоқсанда 5,2%-ға өсті. Тоқсандық есептеуде ЖІӨ төртінші тоқсанда 1,0%-ға өсті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото