Цюаньчжоудан әлемге жол тартты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 22 қаңтар

22 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Деректерде «Теңіз кемелерінде Фуцзянь кемесіне ешқайсысы жетпейді» деп жазылған.

Фуцзянь кемесі-Фуцзянь жағалауында жасалған мұхиттық ағаш желкенді кемелердің жалпы атауы. Оның ерекшелігі түбі терең үсті кең болады да мұхитта жүзуге қолайлы. Теңіз Жібек жолының бастапқы нүктесі болған Цюаньчжоу Сун және Юань әулеттері кезінде теңіз саудасы мен кеме жасау саласында өркендеп, елдің кеме жасау орталығы болған. Солтүстік-Шығыс Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия, Үнді мұхиты, Арабия және Шығыс Африка жағалауларында теңіз Жібек жолымен жүзетін қытайлық сауда кемелерінің көпшілігі Фуцзянь кемелері болып табылады.

«Фуцзянь кемесінің ең маңыздысы кеме түбіндегі киль. Материалы қатты және қалың болады да бүкіл кемедегі ең ауыр құрылым саналады. Ол Фуцзянь кемесін жел мен толқын сынақтарынан тайсалтпайды»,- дейді су өтпейтін сандықша өнерінің 11-інші ұрпақ мұрагері Линь Пэйцзун.

Фуцзянь кемесі құрылысындағы ең маңызды технологиялардың бірі-су өткізбеу сандықшаларын жасау. Сандық таяқшалары арқылы кеме үстін бірнеше тығыз бөлмелерге бөледі. Бұл кеме тұлғасын нығайтуда және судан сақтану мен судан бөлектеуде маңызды рөл атқарады.

«Осы уақытқа дейін біздің елде сүңгуір қайықтар, тасымалдаушылар сияқты заманауи кемелер әлі де су өткізбейтін сандықтар техникасын қолданады», - деді Линь Пэйцзун.

2010 жылы ЮНЕСКО «Қытайдың су өтпейтін сандықты Фуцзянь кеме жасау дағдысын» «шұғыл түрде қорғауды қажет ететін материалдық емес мәдени мұралар тізіміне» енгізді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото