Қар-мұз туризмі ұлттық сезімді лаулатты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 29 қаңтар

2022 жылдың 13 шілдесінде Бас хатшы Си Цзиньпиннің Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионының мұражайында «Манас» материалдық емес мәдени мұрасының мұрагерлерімен түскен топтық суреті.

Бұл 2022 жылдың 13 шілдесінде Мемлекет Төрағасы Си Цзиньпиннің Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионының мұражайында «Манас» материалдық емес мәдени мұрасының мұрагерлерімен түскен топтық суреті.

29 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Жаңа жылдың басында Харбиннің Орталық көшесінде Орочэн, Хэджэ және Дағұр сияқты этникалық азшылықтар мәтериалдық емес мәдени мұрасының мұрагерлері ұлттық кимдерін киіп бой көрсетті. Орочэн халқы елік мүйізді бас киімдерін, хэджэ халқы Уссури өзені балығын, эвенки халқы қолда үйретілген бұғыларын әкелді... Этникалық азшылықтардың ерекше мәдениеті туристерді қызықтырды.

«Еліміздегі барлық этникалық топтардың түрлі-түсті мәдениеттері Қытай өркениетінің маңызды бөлігі болып табылады». Мемлекет Төрағасы Си Цзиньпин еліміздегі әртүрлі этникалық топтардың мәдениеттерін ілгерілетудің маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. «Материалдық емес мәдени мұраны қорғау тұрғысынан біз этникалық азшылықтардың мәдени мұрасын қорғауға және мұрагерлік етуге ерекше назар аударуымыз керек».

Тибеттің «Гісары», қырғыздың «Манасы» және моңғұлдың «Жәңгірі» - Қытайдағы этникалық азшылықтардың үш ұлы батырлық эпосы. Төраға олар туралы әртүрлі орталарда бірнеше рет айтқан болатын.

Шыңжаңда «Манас» батырлық эпосын тамашалай отырып, Мемлекет Төрағасы  материалдық емес мәдени мұраны қорғау мен мұрагерлікті нығайту және әртүрлі этникалық топтардың көрнекті дәстүрлі мәдениеттерін насихаттау қажет екенін қадағалай тапсырған.

Қытай өркениетінің тамыры терең тарихы ұзақта жатыр. Ол әртүрлі этникалық топтардың мәдениетінің қосылуынан қалыптасқан үлкен қамба. Ән мен би этникалық азшылық бауырластардың қонақжайлылығын көрсетеді, сонымен қатар олардың ерекше мәдени ерекшеліктерін бейнелейді.

Мысалы, Моңғұлдың халық әндері «Сахара музыкасының тірі қазбасы» деп аталады; әнді, поэзияны, музыканы, би мен ойынды біріктіретін ұйғыр он екі мұқамы әлемнің барлық этникалық топтарының өнер тарихында ерекше орынға ие; қазақ ұлтының айтысы олардың музыкалық өнерінің бірі ретінде бұл халықтың қоғамдық өмірін бейнелейді. Оны қазақ халқының көркемдік қазынасы деуге болады...

Мемлекет Төрағасы Си Цзиньпин атап өткендей: «Біздің керемет мәдениетімізді барлық этникалық топтар бірге құрды. Қытай мәдениеті - әртүрлі этникалық топтардың мәдениеттерінен құралған.»

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото