«Blue and White: Impression of China» би драмасы «2024 жылғы көктем мерекесі сауық кешінде» қойылады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 11 ақпан

11 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Бір жыл мұқият дайындық пен реттеудің арқасында Жаңа жыл қарсаңында Орталық радио және теледидар басқармасының «2024 жылғы көктем мерекесі сауық кешінде» «Blue and White: Impression of China» би драмасының «Impression of China» атты үзіндісі қойылады.

«Blue and White: Impression of China» туындысын China Oriental Performing Arts тобы, Jingdezhen Tao Cultural Tourism Holding тобы және онлайн «Халық Газеті» компаниясы бірлесіп шығарды. «Impression of China» би драмасындағы ең тартымды бөлігі - ол ақ фарфорды көрнекі бастапқы нүкте ретінде қабылдап, бишілердің дене тілі арқылы мыңдаған жылдарға созылатын ақ фарфордың ерекше сұлулығын көрсетеді.

«Impression of China» құрастыру және жасау кезінде негізгі шығармашылық топ Қытайдың көрнекті дәстүрлі мәдениетінің шығармашылық трансформациясы мен инновациялық дамуына ықпал етуді тұғыр етіп, Солтүстік Сун әулетінің эстетикалық ерекшеліктерін және ақ фарфордың модельдеу стилін толық зерттеді. Бидің тілімен ақ фарфордағы жұмсақ және нәзік шығыстың сұлулығын көрсетіп, тарихы ұзақта жатқан фарфор мәдениетін бейнеледі.

Олардың ішінде «айналу» бидегі ең тартымды бөлігі және ол әрекетке шабыт көзі ретінде фарфор жасаудағы сурет салуды негіз еткен. Бишілер фарфордың қалыптасу динамикасын модельдеу үшін айналмалы үстелде мың бұралып, фарфор ыдыстарының сұлулығын көрсетеді.

Цзиндэ ауылындағы ошақ мыңдаған жылдар бойы өшкен емес, көгілдір фарфордың астарындағы мәдени сыр фарфор жасау технологиясының мұрасы ғана емес, сонымен қатар ежелгі және қазіргі мәдениеттегі өзгерістер, сонымен қатар жалғасып келе жатқан шеберліктегі парасат.

Көктем мерекесі сауық кешіндегі «Impression of China» би арқылы көгілдір фарфорлар мәдениетіндегі шеберлікті көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге заманауи эстетикамен фарфордың астарындағы шеберлік пен жасампаздықты көрсетті. Сол арқылы Қытайдың көрнекті дәстүрлі мәдениетінің шығармашылық трансформациясын жүзеге асырды.

Би драмасы бүкіл ел бойынша қойылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото