Отандық ірі жолаушылар ұшағы C919 алғаш рет шетелдегі әуе көрмесіне қатысады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 18 ақпан

18 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 17 ақпан күні China Eastern Airlines әуәкомпаниясынан алған мәліметіне сәйкес, жергілікті уақыт бойынша 17 ақпан күні China Eastern Airlines-тің отандық үлкен жолаушылар ұшағы C919 Сингапурға сәтті жетті. Ол 20-25 ақпан аралығында 2024 жылы Сингапурда өтетін Сингапур Әуе көрмесіне қатысады.

Бұл C919 ұшағы - China Eastern Airlines әуәкомпаниясы коммерциялық пайдалануға берген әлемдегі алғашқы отандық ірі жолаушылар ұшағы.

Сингапурдағы әуе көрмесі кезінде China Eastern Airlines авиакомпаниясы салған C919 ұшағын қамтыған COMAC шығарған бес отандық коммерциялық ұшақ жұртқа көрсетіледі. Олар көрмеде қойылып көрсетіліп қана қалмай, ұшып та көрсетіледі. Бұл Қытай жасаған коммерциялық ұшақтың шетелдегі алғаш рет топтық көрсетілуі.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото