Қазақстанға Қытайдан келетін туристер саны 12 есе ұлғайған

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 19 ақпан

 ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев 

Қазақстанға Қытай мен Үндістаннан келетін туристер саны артқан, деп хабарлайды KAZINFORM. Оның себебін ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев түсіндірді.

«Елдің халықаралық ашықтығы шетелдік туристердің өсуіне оң әсер етеді. Қазақстан 82 елмен визасыз режимде қарым-қатынаста. Соның ішінде Қытай, Үндістан сияқты туристік нарығы ірі елдер бар. Біз бұл елдерден келушілердің айтарлықтай өскенін көріп отырмыз», - деді Ермек Маржықпаев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.

Министр келтірген мәліметке сәйкес, 2022 жылғы шілдеде Қытай азаматтары үшін 14 күндік визасыз режимді енгізудің және 2023 жылғы қарашадан бастап екіжақты визасыз режимнің арқасында Қытайдан келетін туристер саны 18 мыңнан 217 мыңға, яғни 12 есе ұлғайған.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото