8 күндік Көктем мерекесі демалысында қытайлық туристер әлемнің 1700-ден астам қаласына барды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 19 ақпан

19 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Qunar онлайн туристік платформасы жариялаған деректерде 2024 жылғы Көктем мерекесі демалысында Қытайлық туристер әлемнің 115 еліне барып, дүние жүзіндегі 1 754 қаланы аралағаны көрсетіледі.

Qunar текшесінің мәліметіне сәйкес, қытайлық туристер Африкадағы Эфиопия мен Мадагаскар, Оңтүстік Америкадағы Уругвай, Еуропадағы Литва, Монако, Мальта және т.б. сияқты елдерде демалыста болды.

Платформадағы халықаралық қонақүйлерге тапсырыс беру өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,7 есе, ал халықаралық рейстерге тапсырыс беру 14 есе өсті.

Жақында қытайлық туристерге визасыз режим жариялаған Сингапурда, Малайзияда және Таиландта Көктем мерекесі демалысы кезінде туристік тапсырыс беру айтарлықтай жоғарылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото