-52.3℃! Көктоғай Шыңжаңдағы ең төменгі температура бойынша рекорд жаңартты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 19 ақпан

19 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында аса суық ауа райының әсерінен Шыңжаңның көп бөлігінде температура төмендеді. 18 ақпанда сағат 8: 00-де Шыңжаңның солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде ауқымды аяз жүрді. Алтай аймағының шығысындағы төрт метеорологиялық бақылау станциясының ең төменгі температурасы 30℃ - ден астамға төмендеді. Ал Көктоғай ауданындағы Тұрғын ауылының ең төменгі тәуліктік температурасы 45,1℃ - ден -52,3℃ - ге дейін жетіп, Шыңжаңдағы ең төменгі температура шегін өзгертті (бастапқы рекорд 1960 жылы 21 қаңтарда Көктоғайдағы -51,5℃ болатын). 16 ақпанда Тұрғын ауылындағы температура әлі де 0℃ - ге жақын болды. Екі күн ішінде температураның жиынтық төмендеуі 50℃ - тан асты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото