Си Цзиньпин реформаларды жан-жақты тереңдету жөніндегі Орталық Комитеттің төртінші отырысына төрағалық етті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 20 ақпан

20 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің Бас Хатшысы, Мемлекет Төрағасы, Орталық Әскери Комитет Төрағасы, Орталықтың реформаларды жан-жақты тереңдету жөніндегі комитетінің меңгерушісі Си Цзиньпин 19 ақпанда реформаларды жан-жақты тереңдету жөніндегі Орталық Комитеттің төртінші отырысына төрағалық етіп, «Жер басқару түзімін реформалау арқылы артықшылығы басым аймақтардың сапалы дамуына кепілдікті күшейту туралы пікірді» және басқа құжаттарды талқылап, қабылдады.

Си Цзиньпин макроэкономикалық саясат пен аймақтық дамуды неғұрлым тиімді байланыстыратын жер басқару жүйесін құру және жетілдіру, жер элементтерін бөлу және пайдалану тиімділігінің дәлдігін арттыру, жер элементтерінің артықшылығы басым өңірлердегі жоғары сапалы дамуға кепілдік беру қабілетін арттыру қажеттілігін баса айтты. Экономикалық және әлеуметтік дамудың жан-жақты жасыл трансформациясын ілгерілету - ресурстар, қоршаған орта және экология мәселелерін шешудің негізгі стратегиясы болып табылатынын айтып, жан-жақты, бірлескен, инновациялық және қауіпсіз трансформацияны табанды ұстану, сондай-ақ «қос көміртекті» жұмысты жетекші орынға ала отырып, көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтуға, ластануды азайтуға, жасыл ортаның кеңеюіне және өсуіне ықпал ету үшін бірлесіп жұмыс істеу қажет екенін, сондай-ақ жасыл даму тұжырымдамасы бүкіл экономикалық және әлеуметтік даму процесінің барлық аспектісіне енуі керек екенін атап өтті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото