Greenland тобы қазақстандық компаниямен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 20 ақпан

20 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 19 ақпанда Greenland тобы мен Mindray Medical, Қазақстан IP тобы, Оңтүстік Корея Dayou тобы және басқа да әлемге әйгілі компаниялар «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп құру және жоғары сапалы Қытай тауарларының шетелге шығуына көмектесу туралы келісімшартқа қол қойды.

Greenland тобы мен Қазақстан IP тобы өзара ынтымақтасты. Тараптар Қазақстанның бас қаласы - Астанада «Қытай тауарларының Көрме Орталығын» құру, медициналық, механикалық және электр жабдықтары, сондай-ақ жаппай тұтыну тауарлары сияқты жоғары сапалы Қытай тауарларының Қазақстанға және басқа да Орталық Азия елдеріне экспортын ілгерілету үшін IP тобының сауда арналары мен Орталық Азиядағы жеткізу тізбегі желісін пайдалану бойынша бірлесетін болды. Олардың ішінде медициналық мақсаттағы бұйымдар бойынша екі тарап Mindray medical AED өнімдерін, операциялық бөлме жабдықтарын және негізгі жұмсалатын материалдарды, ауыз қуысының шығын материалдарын және т.б. негізге ала отырып, экспорттық бизнесті ілгерілетеді. Бірінші жылғы экспорт ауқымы 60 миллион юаньнан асады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото