2024 жыл Қытайда Қазақстан туризмі жылы болып жарияланды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 20 ақпан

Биыл наурызда Қытай Халық Республикасында Қазақстан туризмі жылының ресми ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды KAZINFORM. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев мәлім етті.

«2024 жыл Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы болып жарияланды. Айтулы шараның ашылу рәсімі 28-29 наурызда Бейжің қаласында өтеді жоспарланып отыр. Аспан асты елінде жыл бойы туризм түрлері бойынша, атап айтқанда, экологиялық, медициналық, агротуризм, қала туризмі, MICE және ғарыштық туризм саласы бойынша тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылады», - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ержан Маржықпаев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.

Министрдің мәлімдеуінше, биыл Қытайдың 7 ірі қаласында (Бейжің, Сиань, Шанхай, Үрімжі, Сянган, Ханчжоу, Чэнду) ТОП-20 отандық туристік орындар таныстырылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото