Қазақ сүйек оюының материалдық емес мәдениет мұрагері мерекеге арнап сүйектен айдаһар ойды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 20 ақпан

20 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- «Биыл - Айдаһар жылы. Мен біраз айдаһарларларды ойдым. Айдаһар дәстүрлі Қытай мәдениетінде бақты, ұзақ өмірді, бақыт пен байлықты бейнелейді. Айдаһар жақсылықтың символы болып, ол сәттілік, денсаулық және бақыт ала келеді»,- дейді Шыңжаңның Мори ауданындағы сүйек оюының материалдық емес мәдениет мұрагері Елжан Батырханұлы.

Елжанның сүйек ою студиясына кіре қалсаңыз, ондағы айдаһарлар, инеліктер, шарап бөтелкелері, ілгіштер, самұрық қатарлы қолөнер бұйымдары көздің жауын алады. Барлығы образды жасалған.

Сүйектерді ою үшін қолданылатын материал - сиыр, қой, жылқы сияқты жануарлардың сүйектері. Қазақтардың сүйек ою өнері күнделікті өмірден бастау алған және дәстүрлі модельдеу өнері саналады. Онда сахара мәдениетінің белгісі бар.

Жайлауда сүйек ою материалдары жиі кездеседі. Тасталған сүйектер шеберлердің епті қолдары мен даналығының арқасында қайта өңделіп, тамаша қолөнер бұйымдарына айналады.

Елжан тілшілерге: «Әулетімізде атамнан бастап сүйек оюымен шұғылданамыз. Мен 18 жасымнан бастап әкемнен сүйек оюды үйрендім. Алғашында қарапайым сандық, кереуеттер, пышақ тұтқалары сынды бұйымдарды жасадым. 1990 жылдардың аяғынан бастап қолөнер бұйымдарын оюды бастап, өз туындыларымды туыстарым мен көршілеріме сыйға тартатын едім. Кейінірек мен қайда барсам да сүйектерді жинап алып, сүйек оя бастадым», - дейді.

30 жылдан бері Елжан қазақ ұлтының сүйек бұйымдарын жасау дағдыларына мұрагерлік етіп келеді. Он саусағынан өнер тамған Елжанның қолынан шыққан жүздеген сүйек бұйымының формасы әдемі, образы айшықты, ұлттық түсі қанық. Бұйымдар Үрімжі, Санжы қатарлы жерлерге сатылып жүр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото