CNN жариялаған әлемдегі ең дәмді 50 нан қатарына Қытайдың құймақ қармасы енді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 21 ақпан

21 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Сингапурлық «Бірлеспе таңғы газеттің» 20 ақпандағы веб-сайтындағы хабарға сәйкес, американдық БАҚ әлемдегі ең дәмді 50 нан түрлерін жариялады. Осы рейтингке Қытайдың құймақ қармасы да кірді.

Хабарламаларға сәйкес, АҚШ-тың CNN 19 ақпан күні өз веб-сайтында іріктеу нәтижелерін жариялады. Қытайдың құймақ қармасы (шаобин) бұл тізімге енген. Оның таныстырылымында былай деп жазылған: «Құймақтың күнжіт қабығының астында бидай дәмді бірнеше жұмсақ қабаттардан тұрады».

Кіріспе мәтінде кәсіби құймақ қарма шеберлері қамырды қағаздай жұқа етіп жаяды. Кейбір құймақ қармалары 18, тіпті одан да көп қабаттан тұрады.

Кіріспе мәтінде құймақ қарма «Қытайдың солтүстігіндегі дөңгелек нан» деп аталады. Әркім қалауына қарай оны ащы немесе тәтті етіп әзірлей алады. Оған қоспа ретінде қара күнжіт дәмдеуішін, ысталған етті, сычуань бұрышын пайдалануға болады.

Хабарға сәйкес, құймақ қармадан басқа, Сянганның пайбао наны және Жапонның каррибао наны сияқты азиялық дәмді тағамдар да тізімге енгізілген.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото