ҚКП Орталық Комитеті «Қытай Коммунистік Партиясының инспекциялық жұмыс ережелерін» шығарды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 22 ақпан

22 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 22 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қытай Коммунистік Партиясының Орталық Комитеті қайта қаралған «Қытай Коммунистік Партиясының инспекциялық жұмыс Ережесін» (бұдан әрі – «Ереже») жарыққа шығарып, әр түрлі аймақтардағы барлық ведомстволардан осы ережені адал орындауды талап ететін хабарлама жариялады.

Хабарламада «Ереже» Си Цзиньпиннің жаңа дәуірдегі қытайлық ерекшеліктері бар социализм туралы идеясын басшылыққа алатыны, Төраға Си Цзиньпиннің партияның төңкерісі туралы маңызды идеяларын терең жүзеге асыратыны, партия конституциясын іргелі негіз ретінде қабылдайтыны айтылды. Ережеде жаңа дәуірдегі инспекциялық жұмыстардың теориялық, практикалық, институционалдық инновацияларының жетістіктерін қорытындылайтыны көрсетілген. Ереже сондай-ақ инспекциялық жұмыс жүйесін, оның механизмін, жауапкершілігін одан әрі жетілдіруде, инспекциялық жұмыста Орталық Партия Комитетінің орталықтандырылған және біртұтас басшылығын ұстану мен нығайтуда, инспекциялық жұмыстардың сапалы дамуына ықпал етуде үлкен маңызға ие.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото