Қытай жоғары деңгейдегі композиттік цифрлық таланттарды дамытуға үлкен мән береді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 22 ақпан

22 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қытайдың Интернет-Ақпарат Басқармасы, Білім министрлігі және басқа ведомстволар бірлесіп, «2024 жылы Бүкіл халықтың цифрлық сауаттылығы мен біліктілігін арттыру жұмысының негізгі тұжырымын» шығарды. Мұнда 6 бағыт бойынша 17 негізгі міндет берілген. Құжатта жоғары деңгейдегі композиттік цифрлық таланттарды дамыту, цифрлық экономиканы нығайтуға қолдау көрсету, соның ішінде оқытушылар мен студенттердің цифрлық сауаттылығы мен дағдыларын жан-жақты жетілдіру айтылған. Сол сияқты жетекші кадрлар мен мемлекеттік қызметкерлердің цифрлық қаблеттерін арттыру, жоғары деңгейдегі цифрлық әлеуетті дамыту, ауылдық цифрлық таланттарды жетілдіру және олардың ұжымын кеңейту қажет екендігі көрсетілген.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото