- Барлық ақпарат
Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Қытай елшісін қабылдады
 (Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 22 ақпан
		
		
Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
СІМ мәліметінше, кездесу барысында тараптар Қытай-Қазақстан ынтымақтастығының мәселелерін талқылады, сондай-ақ оны одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.
Сұхбаттастар ағымдағы жылы жоспарланған аса жоғары және жоғары деңгейдегі екіжақты сапарлар мен іс-шаралар кестесін қарастырды. Көпжақты құрылымдар шеңберіндегі елдердің өзара іс-қимылына бөлек назар аударылды.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
	
			Онлайн «Халық Газеті» туралы 
people.cn © People's Daily Online
	people.cn © People's Daily Online
 
				 
			



