Қытай Сыртқы істер министрі: ШЫҰ «тұрақтылықтың қазығы» рөлін сәулелендірсін

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 23 ақпан

23 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван И 22 ақпан күні Бейжіңде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Хатшылығының құрылғанына 20 жыл толуына арналған қабылдауға қатысты. Ол ШЫҰ-ны жақсы дамыту әркімнің ортақ міндеті екенін, барлық мүше мемлекеттер бірігіп ынтымақтасып, ШЫҰ-ның ғасырлық өзгерістердегі «тұрақтылықтың қазығы» рөлін сәулелендіруі керектігін атап өтті.

Ван Идің айтуынша, қазіргі уақытта ғасырлық өзгерістер жеделдеп, әлемдік жағдай былыға түсті. Мұндай жағдайда «Шанхай рухын» дәріптеу және ШЫҰ сияқты ынтымақтастық платформасы өте қажет.

Қытай ШЫҰ-ны дипломатиялық басымдық ретінде қарастыруды жалғастырады және бастан-аяқ Хатшылықтың жұмысына ыңғайлылық пен қолдау көрсетеді. Қытай ШЫҰ-ның кезекті төрағасы болған Қазақстанның жұмысын қолдайды және барлық тараппен бірге құлшынып, биылғы Астана саммитінің жемісті нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етіп, ШЫҰ дамуының жаңа болашағын ашуын және әлемнің тұрақты бейбітшілігі мен ортақ өркендеуі үшін тіпті көп «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы күшін» қосуға дайын.

ШЫҰ Бас Хатшысы Чжан Мин өз сөзінде ШЫҰ соңғы 20 жылда 6 мүше мемлекеттен мүше мемлекеттермен, бақылаушы мемлекеттермен және диалог бойынша серіктестермен 26 елден тұратын үлкен отбасыға дейін дамып, бірлік пен ынтымақтастық, ашықтық пен өзара тиімділік, кеңпейілдік пен өзара үйренетін әртүрлі әлеуметтік жүйелері мен даму жолдары бар елдер арасында ынтымақтастықтың жаңа моделін құрғанын атап өтті. Сонымен бірге Хатшылық ШЫҰ-ның дамуына неғұрлым берік кепілдік беретінін жеткізді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото