Қазақстан өткен жылы қандай шикізат емес тауарларды экспортқа шығарды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 27 ақпан

«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ өткен жылы Қазақстанның экспортқа шығарған шикізат емес тауарларын атады.

«Жалпы, органикалық емес химия өнімдерінің экспорты 4,3 млрд АҚШ долларын құрады. Олар: уран (79,3 пайыз), алюминий оксиді (8,3), инертті газ (5,8), хром оксиді (3 пайыз), фосфор қышқылы (1) және кардидтер (0,69)», - деп атап өтті «QazTrade» агенттік тілшісінің сауалына орай.

Орталық ұсынған дерекке сәйкес, қара металдар экспорты 4,1 млрд АҚШ доллары болды. Оның ішінде ферроқорытпалар (56,2 пайыз), ыстықтай илектелген илем (14,1), жалатпалы илем (9,4), суықтай илектелген илем (8,4), болаттан жасалған жартылай дайын өнім (6,5), болаттан жасалған шыбық (4) бар.

Мұнан бөлек 3,2 млрд долларға мынадай мыс және мыс бұйымдары экспортқа шығарылды: мыстан жасалған катод (98,9 пайыз), мыс негізіндегі лигатура (0,49), мыс сым (0,18), мыстан жасалған өзге де бұйымдар (0,1).

Жабдықтар мен механикалық құрылғылар экспорты 1,8 млрд долларға жетті. Олар: жылу бөлетін элементтер (14,1), подшипниктер (7,7), жол және құрылыс техникалары (4,6), құбыр желілеріне арналған арматуралар (4,6).

Сондай-ақ Қазақстан 1,6 млрд доллардың мұнай өнімдерін (66,2 пайыз), табиғи газын (26,3) кокс пен мұнай битумын (6,3) және басқа да минералды отын өнімдерін экпортқа шығарды.

Электр машиналары мен жабдықтар экспорты 1,2 млрд долларға жетті. Оның ішінде трасформаторлар (9,6 пайыз), мониторлар мен проекторлар (9,2), аккумляторлар (7,5), тұрмыстық аспаптар (4,6) бар.

Ал күміс (58,2 пайыз), алтын (39) және зергерлік бұйымдар (2,2), монеталар сынды бағалы металдар экспорты 1,1 млрд доллар болды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото