Геннадий Головкин ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 27 ақпан

Есімі әлемге танымал кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды. Ол бұл қызметте Тимур Құлыбаевтың орнын басып отыр. Шешім 26 ақпан күні ҰОК бас ассамблеясының отырысы барысында қабылданды.

Спорт әлемінде GGG лақап атымен танымал болған Геннадий Головкин шаршы алаңда шашасына шаң жұқтырмай, әуесқой да, кәсіпқой да бокста өзінің ұрыс мәнерімен, ерекше стилімен миллиондаған жанкүйердің сүйікті спортшысына айналған.

Геннадий Головкин 1982 жылдың 28 ақпанында Қарағанды қаласында дүниеге келген.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото