«Қорғаушылар ұжымы» Шыңжаңның тау қойнауындағы балаларды мектепке жеткізді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 27 ақпан

27 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 22 ақпанда Шыңжаңның Қашқар аймағында сабақ басталды. Шыңжаңның Қашқар аймағы, Қағылық ауданындағы бастауыш сыныптың 165 оқушысы 45 көліктің көмегімен теңіз деңгейінен 4000 метр биіктіктегі екі қарлы таудан асып, бес сағат жол жүріп, Сихэсю ауылдық үкіметінің Орталық бастауыш мектебіне аман-есен жетті. Жергілікті кадрлар мен жол полициясы бүкіл процесс барысында оқушылардың мектепке қауіпсіз оралуын қамтамасыз ету үшін арнаулы көлік ұжымын ұйымдастырды.

Қағылық ауданының Сихэсю ауылы аудан орталығынан 165 шақырым жерде, Кунлун тауының ішкі қайнауында орналасқан. Айналасы таулармен қоршалған және теңіз деңгейінен 3500 метр биіктікте. Тау шыңдарының көпшілігі жыл бойы қар-мұз құрсанып тұрады. Балалардың мектепке баратын жолы күрделі және қауіпті.

2008 жылдан бастап Қағылық ауданының қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі жыл сайын балалар демалысқа тарағанда және мектепке жиналғанда арнайы ұжым құрып, жол полициясының тәжірибелі қызметкерлерін таңдап, сонымен қатар, көлік, білім беру және басқа департаменттермен бірге арнаулы автобус орналастыру арқылы балаларды аудан орталығы мен Сихэсю ауылы арасында қауіпсіз тасымалдауға кепілдік етеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото