2024 жылдың қаңтар айында темір жолы арқылы Қытайға жөнелтілген экспорт көлемі бір млн тоннаны құрады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 29 ақпан

2024 жылдың қаңтар айында темір жолы арқылы Қытайға жөнелтілген экспорт көлемі бір млн тоннаны құрады, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінен.

Қытаймен қатынаста ҚТЖ желісі бойынша жүк тасымалдау көлемі 2024 жылдың қаңтарында 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22% өсіп, 2,4 млн тоннаны құрады. Қытайға жүк экспорты өткен жылғы көрсеткіштен 43% асып, 1 млн тоннаны құрады. Бұл ретте темір рудасының экспорты 19%-ке, астық - 37%-ке, қара металдар-2 есе, түсті металдар-2,2 есе өсті. Сондай-ақ контейнерлерде экспортқа жүктерді тасымалдау 2,2 есе өсті", - деп көрсетілген хабарламада.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото