Қытай экономикасының өсуі болжамды жаһандық өсу қарқынынан шамамен 3%-ға жоғары

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 29 ақпан

29 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қытайдың 2023 жылғы экономикалық қызметінің жылдық есебі жарияланды. Онда жылдық жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) 126 трлн юаньнан жоғарылап, бұл көрсеткіштің өткен жылмен салыстырғанда 5,2%-ға өсіп, болжамды жаһандық өсу қарқынынан шамамен 3%-ға жоғары болғаны келтірілген.

Яғни елдің өсу қарқыны әлемдегі ең ірі экономикалық жоғары көрсеткіштердің бірі болып саналды әрі бұл өсімді сәл қарауға болмайды. Салыстырмалы бағалар бойынша қарасақ, Қытай экономикасы 2023 жылы 6 триллион юаньнан астамға өсіп, бір жыл ішінде орташа есептегі елдің жалпы экономикасынан асып түсті. Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ) Қытайдың жаһандық экономикалық өсуге қосқан үлесі 30%-дан асады және ол әлі де әлемдік экономикалық дамудың ең үлкен қозғаушы күші болады деп болжады. Испандық The Economist газетінің сайты: «Бұл «Азиялық алпауыт» әлі де жылына шамамен 5% қарқынмен өседі.» «Қытай экономикасының өсу қарқыны еуроаймақтан бес есе жоғары»,- деп жазды.

Жақында Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ) 2024 жылдан 2025 жылға дейін Қытайдың экономикалық өсу қарқыны әлі де жаһандық өсу қарқынынан жоғарылайды. Сол сияқты экономикасы дамыған елдердің өсу қарқынынан айтарлықтай ұлғайып, дамушы экономикалар мен дамушы елдер бойынша әлі де алдыңғы қатарды сақтайды деп болжады.

Қазіргі уақытта Қытайдың экономикалық өсуіне қатысты кейбір циклдік және құрылымдық мәселелер туындағанымен, ел экономикасы дамуының тарихи бағыты, ішкі логикасы мен объективті заңдары сақталса, бұл айтпасада түсінікті: Қытай экономикасы әрқашан өміршеңдік пен тұрақтылықты сақтап, жаһандық экономикалық өсудің қуатты қозғалтқышы болып қала береді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото