«Жібек Жолы теңіз тасымалымен» қатынаған кеме саны 14000-нан асты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 7 наурыз

7 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- CCTV тілшісінің Сямэнь кеденінен алған ақпаратына сәйкес,Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» құрылысы үшін алғашқы халықаралық интеграцияланған логистикалық қызмет платформасы «Жібек Жолымен теңіз тасымалы» бағыты сыртқы сауда кәсіпорындарының сенімді таңдауына айналды. 2018 жылдың желтоқсанында ашылғаннан бері «Жібек Жолымен теңіз тасымалы» 116 бағытын ашты. Барлығы 14 101 кеме, 37 «Бір белдеу, бір жол» елдері мен аймақтарындағы 106 портқа жетті. Сондай-ақ 16,6017 миллион TEU контейнерді қабылдап, жөнелтті. Олардың ішінде биылғы жылы 641 кеме сапарға шығып, 730 000 TEU контейнерге қызмет көрсетті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото