Жылдың алғашқы екі айында Қытайдың тауар саудасының импорт-экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,7%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 8 наурыз

8 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 7 наурызда Бас кеден басқармасынан алған ақпаратына сәйкес, биылдың алғашқы екі айында Қытайдың тауар саудасының импорты мен экспортының ауқымы сәйкес кезеңдердегі рекордтық деңгейге жетіп, сыртқы сауданың беталысы айтарлықтай жақсы болған.

Осы жылдың алғашқы екі айында Қытайдың экспорты қарқынды дамып, бәсекелестік артықшылығы барған сайын бекемделе түсті. Автомобильдер, тұрмыстық техника және кемелер сияқты жоғары сапалы тауарлардың экспорты сәйкесінше 15,8%-ға, 24,3%-ға, 180,6%-ға өсті.

Импорт бойынша энергия, металл кені және басқа да тауарлардың импорты сәйкесінше 13,8% және 7,2%-ға өсті, бұл ішкі өндірістік қажеттіліктерді қамтамасыз етті. Тоқыма, киім, зергерлік бұйымдар және басқа да тұтыну тауарларының, сондай-ақ кептірілген немесе жаңа жемістер мен көкөністер, сиыр еті және т.б. сияқты тұтыну тауарларының импорты айтарлықтай өсіп, тұрғындардың тұтыну таңдауын байыта түсті.

Сауда серіктестері тұрғысынан, «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салатын елдерге еліміздің импорты мен экспорты 3,13 трлн юань болып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға өсті, бұл еліміздің жалпы импорты мен экспортының 47,3%-ы. Олардың ішінде АСЕАН-ға импорт пен экспорт 993,24 миллиард юаньды құрап, 8,1%-ға өсті; Орталық Азияның бес еліне импорт пен экспорт 95,09 миллиард юаньды құрап, 26%-ға өсті. RCEP-ке мүше басқа мемлекеттерге импорт пен экспорт 1,94 трлн юаньды құрап, 3,5%-ға өсті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото