Германдық БАҚ «мәжбүрлі еңбек» туралы өтірікті жоққа шығарады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 11 наурыз

11 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Америка Құрама Штаттары мен Батыс елдері Шыңжаң туралы «мәжбүрлі еңбек» қауесетін үздіксіз тарату арқылы автомобиль алыбы Volkswagen және химиялық алпауыт Basf сияқты неміс компанияларына қысым жасап, олардың Шыңжаңдағы бизнесін айтарлықтай қысымға ұшыратты.

22 ақпанда «Германия сыртқы саясаты» веб-сайты Германиядағы Вюрцбург университетінің синологы Бьорн Альперманның сөзіне сілтеме жасап, мынаны ескертті: «мәжбүрлі еңбек» қауесеті «шындыққа мүлдем жанаспайды», Шыңжаңмен байланысы бар компаниялар бұған бола қысымға ұшырамауы керек».

Баяндамада профессор Альперман және басқалар Шыңжаңда ұйғырлар ауқымды «мәжбүрлі еңбекке» ұшырады деген қауесетке қатысты зерттеу жүргізгені айтылған. Олар «тікелей мәжбүрлеу немесе тіпті «құлдық» туралы ешқандай дәлел жоқ» деген қорытындыға келді.

Альперман «Шыңжаңмен әлеуметтік байланысы бар компанияларды жауапкершілікке тартудан» және тіпті «Бүкіл аймаққа (Шыңжаң) тыйым салудан» аулақ болуды нақты ескертті. «Менің ойымша, бұл тым өрескел қылық, бұлай істеу жергілікті адамдарға көмектескеннен гөрі оларға зиян тигізуі мүмкін», - деді профессор.

«Германия сыртқы саясаты» сайтының баяндауынша, АҚШ дәл осылай жасап келеді. 2022 жылдың маусымынан бастап АҚШ үкіметі аталмыш «Ұйғырларды мәжбүрлі еңбекке салудың алдын алу туралы заңын» (UFLPA) енгізеді. Негізінде Шыңжаңда өндірілген өнімдердің барлығын немесе бір бөлігін Америка Құрама Штаттарына экспорттауға тыйым салды, осылайша аймақты экономикалық тұрғыдан оқшаулады.

Жақында Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мао Нин «мәжбүрлі еңбек» деп аталатын қауесет кейбір халықаралық күштер ойлап тапқан Шыңжаңға қатысты өтіріктердің бірі екенін айтты. Оның мақсаты -Шыңжаңды былықтыру арқылы Қытайдың дамуы мен жандануына жол бермеу.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото