Шыңжаң ауыл шаруашылығында сыртқы ынтымақтасудың пилоттық аймағын құрды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 11 наурыз

11 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 9 наурыз күні Шыңжаңның Жеменей ауданында Қытайдың Солтүстік-батысындағы ауыл шаруашылығын сыртқа ашу және ынтымақтасудың алғашқы ұлттық деңгейдегі пилоттық аймағы салтанатты түрде ашылды. Пилоттық аймақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және көрші аймақтардағы жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерінің халықаралық саудасы мен техникалық алмасуын ілгерілетуге назар аударады. Қазіргі уақытта 10-нан астам отандық және Қазақстанды қамтыған шетелдік компаниялар осында орнығып, ынтымақтастыққа тартылды.

Қытайдың Ауыл шаруашылығы және Ауылдық Істер министрлігі Сыртқы экономикалық ынтымақтастық орталығы директорының орынбасары Ма Чжиган ашылу салтанатында пилоттық аймақтың іске қосылуы Қытай мен Орталық Азия елдерінде ауыл шаруашылығы ғылымдары мен технологиялық алмасуды және инвестициялық ынтымақтастықты жүзеге асыруға, сонымен қатар орталық Азияны байланыстыратын көпір рөлін атқаруға көмектесетінін айтты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото