«Си Цзиньпиннің таңдамалы шығармалары» ағылшын тілінде жарық көрді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 12 наурыз

12 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- «Си Цзиньпиннің таңдамалы шығармаларының» бірінші және екінші томдарының ағылшын тіліндегі нұсқалары жақында Шет тілі баспасынан жарық көріп, ел ішінде және шетелде таратылды.

«Си Цзиньпиннің таңдамалы шығармаларының» бірінші және екінші томдарында Төраға Си Цзиньпиннің 2012 жылдың қарашасынан 2022 жылдың қазанына дейінгі маңызды еңбектері бар.

«Си Цзиньпиннің таңдамалы шығармаларының» бірінші және екінші томдарын ағылшын тілінде басып шығару және тарату - шетелдік оқырмандардың Си Цзиньпиннің жаңа дәуірдегі қытайлық ерекшеліктері бар социалистік ойларын жүйелі түрде түсінуіне көмектеседі. Сондай-ақ халықаралық қауымдастықтың Қытай стиліндегі модернизация мен Қытайдың қазіргі өркениеті туралы танымы мен түсінігін арттырады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото