Қаңтардан ақпанға дейін Қытайда автомобиль өндірісі мен сатылымы салыстырмалы түрде 8,1%-ға және 11,1%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 12 наурыз

12 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 11 наурызда Қытайдың Автомобиль өнеркәсібі қауымдастығынан алған ақпаратына сәйкес, қаңтардан ақпанға дейін Қытайда автомобиль өндірісі мен сатылымы сәйкесінше 3,919 миллион және 4,026 миллион автомобильге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сәйкесінше 8,1%-ға және 11,1%-ға өсті.

Қытай Автомобиль қауымдастығы Бас хатшысының орынбасары Чэнь Шихуаның айтуынша, ақпан айында Көктемгі Фестиваль мерекесі тиімді жұмыс күндерінің қысқаруына әкелді, ал автокөлік сатып алуға деген сұраныстың бір бөлігі Көктем мерекесіне дейін қанағаттандырылды, сондықтан автомобильдердің жалпы өндіріс - сатылым көлемі қаңтар айымен салыстырғанда төмендеді.

Қытай Автомобиль қауымдастығының мәліметтері бойынша, қаңтардан ақпанға дейін Қытайда жаңа энергетикалық көліктердің өндірісі мен сатылымы сәйкесінше 1,252 миллион және 1,207 миллионға жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,2%-ға және 29,4%-ға өсті. Ал нарық үлесі 30%-ға жетті.

Чэнь Шихуа бірқатар саясаттың одан әрі кемелденуі мен жүзеге асырылуы - автомобиль өнеркәсібінің тұрақты ілгерілеп келе жатқан даму тенденциясын шоғырландыруға және кеңейтуге, кәсіпорын инновацияларына серпін беруге және автомобиль өнеркәсінің жоғары сапалы дамуын жалғастыруға көмектесетінін айтты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото