- Барлық ақпарат
Сиандағы қазақстандық терминалдан контейнерлік пойыз Әзірбайжанға 11 күнде келді
Осы жылдың 11 наурызында Бакуде ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Әзірбайжанға мемлекеттік сапары барысында Сиань қаласындағы (Қытай) жаңа қазақстандық көлік-логистикалық терминалдан контейнерлік пойыздың келуі бойынша телекөпір өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Пойыз Апшерон (Әзірбайжан) станциясына Қазақстан арқылы Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) бойынша транзитпен келіп жетті.
Контейнерлік құрам шамамен 7 мың шақырымды артқа тастап, 11 күнде жүріп өтті. Қазақстан бойынша Алтынкөлден Ақтау портына дейінгі қашықтық 3128 км қашықтықты пойыз үш тәулікте жүріп өтті. Мультимодальды тасымалдау барысында контейнерлер Қазақстанда екі рет – «KTZE Khorgos Gateway» Құрғақ портында және Ақтау теңіз портында қайта тиелді, содан кейін Каспий теңізі арқылы Баку халықаралық сауда портына, сол жерден – Апшерон станциясына жеткізілді.
Бұрын Қытайдан Қара теңіз порттарына жеткізілім 53 күн болса, қазір – 18 күн.
people.cn © People's Daily Online