Қазақстан Сауда және интеграция министрі Қытайға жұмыс сапарымен келеді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 13 наурыз

2024 жылғы 18-24 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиевтің Қытай Халық Республикасына, атап айтқанда Үрімжі, Чэнду және Бейжің қалаларына жұмыс сапары өтеді. Сапар барысында бірқатар Қытай өңірлерінің (Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық регионы, Сычуань) басшылығымен және жетекші жергілікті компаниялармен кездесулер өткізу жоспарлануда деп хабарлайды ҚР СІМ.

Сапардың басты мақсаты Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, сондай-ақ сауда, инвестициялар, технологиялық және ғылыми зерттеулерді қоса алғанда, түрлі салалардағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау болады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото