2023 жылы Қытайда 3,998 миллион гектар орман отырғызылды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 13 наурыз

13 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Ұлттық жасылдандыру комитетінің кеңсесі 12 наурызда жариялаған баяндамада 2023 жылы елімізде орман өсіру мен көгалдандыруда жаңа жетістіктерге қол жеткізілгені, 3,998 миллион гектар орман көшеттері отырғызылғаны көрсетілген.

2022 жылы бұл көрсеткіш 3,83 миллион гектарды құраған болатын.

Сонымен қатар баяндамада 2023 жылы елімізде 4,379 миллион гектар жерге шөп егілгені және сапасы жақсартылғаны, бүкіл елде жердің көгалдандыру алаңы 8 миллион гектардан асатыны, 1,905 миллион гектар жердің шөлейттенуінің алды алынғаны көрсетілген.

12 наурыз – Қытайда 46-шы ұлттық ағаш отырғызу күні.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото