«Алтайым» 7-нші Канн Телевизиялық Драма фестивалінің «Үздік ұзақ метражды драма» номинациясының қысқа тізіміне енді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 13 наурыз

13 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 12 наурызда 7-нші Канн Телевизиялық Драма фестивалі (Canneseries) қысқа тізімін жариялады. iQIYI.COM дербес жасаған «Алтайым» драмасы «Үздік ұзақ метражды драма» байқауының қысқа тізіміне енді. Сөйтіп Канн Телевизиялық Драма фестивалінің басты байқауында қысқа тізімге енген алғашқы ұзақ метражды қытай тіліндегі драма атанды.

«Алтайым» Францияның жергілікті уақыты бойынша 7 сәуірде Каннда алғаш рет экранда көрсетіледі. Әлемнің басқа елдері мен аймақтарынан келген 7 драма 5 негізгі байқау жүлдесіне таласады.

«Алтайым» Шыңжаңның Алтай аймағында тұратын қытай қызының көзқарасымен Алтайдың табиғатын, өмір салтын, Солтүстік Шыңжаңның мәдениеті мен шопандардың қарапайым және батыл рухын көрсетеді. Сондай-ақ нәзік, шынайы әрі баяу ырғақпен табиғатқа деген құрметті бейнелеп, өз болмысын іздеуді бағдар етеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото