Apple Шэньчжэньде жаңа қолданбалы ғылыми-зерттеу зертханасын ашады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 13 наурыз

13 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 12 наурызда Apple компаниясы өнім өндірісін қолдау үшін Қытайдағы қолданбалы ғылыми-зерттеу зертханасын кеңейтетінін мәлімдеді. Компания Шанхай ғылыми-зерттеу орталығының барлық өнім түрлерінің сенімділігін, сапасын және материалдық талдауын қолдау мүмкіндіктерін кеңейтеді. Сонымен қатар жыл соңына қарай Apple бүкіл аймақтағы қызметкерлерге күшті қолдау көрсету және жергілікті жеткізушілермен ынтымақтастықты тереңдету үшін Шэньчжэньде жаңа қолданбалы ғылыми-зерттеу зертханасын ашады. Бұл жаңа зертхана iPhone, iPad, Apple Vision Pro және басқа да өнімдерді сынау және зерттеу мүмкіндіктерін кеңейтеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото