Таньчэн, Шаньдун: «Тапсырыс бойынша картопегу» жұмысы қауырт жүріп жатыр

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 14 наурыз
Таньчэн, Шаньдун: «Тапсырыс бойынша картопегу» жұмысы қауырт жүріп жатыр

14 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 2024 жылғы 13 наурызда Шаньдун өлкесінің Линьи қаласы, Таньчэн ауданы Матоу қалашығы, Сюйси ауылының көкөніс отырғызу базасында ауылшаруашылық техникалары «тапсырыс бойынша картоп» егу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Соңғы жылдары Таньчэн ауданының Матоу қалашығы ауыл шаруашылығы саласының құрылымын белсенді түрде реттеп, жергілікті жағдайларға сәйкес «тапсырыс бойынша ауыл шаруашылығын» дамытып, «кәсіпорын + кооператив + база + фермер» бизнес үлгісін қабылдады. Жүгері, картоп, шалғам және басқа да қосылған құны жоғары дақылдарды отырғызып, фермерлердің табысын арттырды және ауылды жандандыруға ықпал етті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото